Жаңалықтар
Іс-шара «Primary Health Care» «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің, ТМД елдерінен (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей) келген делегациялардың қатысуымен сондай-ақ, Қазақстандағы озық тәжірибе орталықтарының, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының және Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Бұл іс-шара ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайту және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін озық тәжірибе алмасудағы маңызды қадам болып табылады.
Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық еханасының «САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары № 166 мектеп-лицей ұжымымен бірлесе21 қазан 2024 жылы «Қыз балалардың жеке бас гигиенасы», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында 8-11 сынып қыз балалары арасында семинар өткізді. Іс-шара барысында, мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұзақ әрі сау өмір сүру үшін алғашқы қадам өзінен бастау алатынын тілге тиек етіп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігін арттыруға шақырды
2024 жылдың 09 тамызында, №23 Қалалық емханада өткен жиналыста, комплаенс қызметімен жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес тақырыбында Қазақстан Республикасының ҚК. 366,367,368 баптары және қолданылатын шаралары туралы толықтай мәлімет берілді. Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға жоспарланған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Тұжырымдамасының саясаты талқыланып түсіндірілді.
«Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» апталығы аясында, № 23 қалалық емхана және «САМҒА» Жастар денсаулық орталығының мамандары ағымдағы жылдың 24 — 28 маусым аралығында жастар арасында Ашық есік күндерін өткізді. Айтулы іс- шараға терапевт, гинеколог, уролог, психолог,дерматолог, әлеуметтік қызметкер, « Отбасын жоспарлау» бөлмесінің маманы қатысты. Сондай-ақ, «Отбасын жоспарлау», «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар», «Адам папиломасының вирусы» атты тақырыптарға дәрістер, кеңестер жүргізіліп, үн-парақшалар таратылды






