Негізгі мазмұнға өту
г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 310-67-26

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Отбасылық денсаулық орталықтары

Тіркелген тұрғындарға емханада және үй жағдайында білікті алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін бөлімшелер.

Сұлтанбек Маржан Әділқызы

Сұлтанбек Маржан Әділқызы

Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі

Айханқызы Лаура

Айханқызы Лаура

Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі

Найманова Салтанат Мукаметжановна

Найманова Салтанат Мукаметжановна

Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі

Бөлімшенің негізгі функциялары

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің негізгі бағыттары

Тіркелген тұрғындарға емханада қабылдау кезінде және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету.
Жедел немесе созылмалы аурулары, жарақаттары, уланулары немесе басқа да шұғыл жағдайлары бар пациенттерге дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету.
Балалар мен ересектерде аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және емдеуге бағытталған іс-шараларды медициналық көмектің барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты сақтай отырып ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде «Емшекпен емізу мектебі», «Артериялық гипертензия» және «Қант диабеті» бағыттары.
Созылмалы аурулары бар балалар мен ересектерді динамикалық бақылау.
Балалар мен ересектерге медициналық оңалту жүргізу.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға дұрыс тамақтану, отбасын жоспарлау, емшекпен емізуді қолдау және релактация мәселелері бойынша ақпарат беру.
Тұрғындарға профилактикалық егулер жүргізу: дифтерия, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит, туберкулезге қарсы БЦЖ және Манту сынамасы, қызылша, қызамық, паротит, В және А вирустық гепатиттері және т.б.
Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу.
031/у нысаны бойынша мүгедектік тобын рәсімдеуге арналған құжаттарды дайындау.
Балалар мен ересектерді санаторийлік-курорттық емдеуге құжаттарды рәсімдеу.
Көрсетілімдер бойынша клиникаларға ауруханаға жатқызуға және стационарлық емдеуге жолдама рәсімдеу.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тұрғындарды жеңілдікпен берілетін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.
Отбасылық денсаулық орталығының мақсаты

Тұрғындарға қолжетімді, уақтылы және сабақтастық қағидаттарына негізделген алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту.

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email
Телефоны

+7 (727) 310-67-26

Your message here