Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
ШЖҚ «№23 қалалық емхана» КМК · 2025 жылдың I тоқсаны
Зерттеудің мақсаты
ШЖҚ «№23 қалалық емхана» КМК пациенттеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану деңгейін зерттеу мақсатында 2025 жылдың бірінші тоқсанында халық арасында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі №468 «Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау мақсатында азаматтарға сауалнама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізілді.
Әлеуметтанулық сауалнама нәтижелерін талдау
Қатысушылардың жас санаттары
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі — еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Медициналық көмекті ұйымдастыру
43 адам, пациенттердің 100%-ы емханадағы медициналық көмектің ұйымдастырылуына қанағаттанғанын атап өтті.
Қабылдауды күту уақыты
32 адам немесе пациенттердің 84%-ы қабылдауды 30 минутқа дейін күтті. 6 адам немесе 16%-ы 1 сағатқа дейін күтті.
Зертханалық зерттеулердің қолжетімділігі
38 адам, яғни респонденттердің 100%-ы қанағаттанған.
Дәрігерлер мен мейіргерлердің сыпайылығы
33 адам немесе 87%-ы сыпайылықты атап өтті, 5 адам немесе 13%-ы «сирек» деп жауап берді.
Денсаулық туралы толық ақпарат
Пациенттердің 92%-ы денсаулық жағдайы, диагноз, тағайындаудың мақсаты, дәрілік препараттарды немесе басқа емдеу және профилактика әдістерін қолдану тәсілдері мен жанама әсерлері туралы толық ақпарат алған.
ТМККК аясындағы төлемдер
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарға төлем жасамаған — 38 адам, 100%.
Жалпы қанағаттану
34 адам немесе пациенттердің 89%-ы көрсетілген медициналық көмекке толық қанағаттанған. 4 адам немесе 11%-ы ішінара қанағаттанған.
Санитариялық-гигиеналық жағдай және жайлылық
37 адам немесе респонденттердің 97%-ы жағдайды қанағаттанарлық деп бағалады.
Қорытынды және ұсыныстар
Жалпы алғанда медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану деңгейі 93,25% болды.
- Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмыс сапасын жақсарту.
- Медициналық ұйымдағы санитариялық-гигиеналық жағдайлар мен жайлылықты жақсарту бойынша жұмыс жүргізу.
- Этика және деонтология деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізу.
- Медицина қызметкерлерінің біліктілік санатын арттыру.
- Медицина қызметкерлерін уақтылы және жоспарлы түрде оқыту.






