Негізгі мазмұнға өту
г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 310-67-26

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс
Тегін профилактикалық тексеру

Скрининг

Алматы қаласындағы №23 емханаға тіркелген тұрғындарды тегін профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге шақырамыз.

Скрининг дегеніміз не?

Скрининг — белгілі бір жастағы дені сау адамдарға қауіп факторлары мен ауруларды ерте кезеңде анықтау үшін жүргізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексеру. Ол емдеудің тиімділігін арттырып, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Скрининг туралы ақпаратПрофилактикалық қарап-тексеру

Скринингке жататын нысаналы топтар

40–70 жастағы ерлер мен әйелдерМінез-құлық қауіп факторларын, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау.
30–70 жастағы әйелдерЖатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын әйелдерді тексеру.
40–70 жастағы әйелдерСүт безінің қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын әйелдерді тексеру.
50–70 жастағы ерлер мен әйелдерТоқ ішектің қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарды тексеру.
В және С вирустық гепатиттеріАуруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеу.

Скрининг қайда және қалай жүргізіледі?

Қала тұрғындары медициналық қарап-тексеруден өздері тіркелген қалалық емханада өтеді. Скрининг тізімге енгізілген адамдарға медицина қызметкерлері тарапынан тегін жүргізіледі. Қажетті тексеру көлемі анықталып, патология табылған жағдайда пациент қосымша тексеруге және бейінді мамандардың консультациясына жіберіледі.

Профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша отбасы дәрігері ересек адамның денсаулық жағдайын кешенді бағалап, диспансерлік бақылау және сауықтыру шараларын белгілейді. Кез келген ауруды ерте анықтау уақтылы ем бастау үшін өте маңызды.

Профилактикалық тексерулер үшін дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті, ерлер және әйелдер қарап-тексеру кабинеттері жұмыс істейді.

Ауруларды ерте анықтау, қауіп топтарымен жұмыс істеу, скрининг бағдарламаларының тиімділігін арттыру және сапалы диспансерлеу үшін қант диабеті мектебі, артериялық гипертензия мектебі, медициналық оңалту бөлімі, диспансерлеу және профилактикалық тексеру кабинеті жұмыс істейді.

Бұл шаралардың мақсаты — әрбір тіркелген тұрғынға сапалы және заманауи медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Негізгі бағалау өлшемі — пациенттердің қанағаттануы.

Скринингке шақырылсаңыз — міндетті түрде өтіңізПрофилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі: №108 және №107 кабинеттер · дүйсенбі–жұма 08:00–18:00 · сенбі 09:00–14:00.
КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email
Телефоны

+7 (727) 310-67-26

Your message here