Негізгі мазмұнға өту

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс
Пациентке арналған бөлім

Қазақстан Республикасында шетел азаматына медициналық көмек көрсету

Шетел азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы құқықтары, тегін көмектің көлемі, жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсету тәртібі.

Шетел азаматтарына медициналық көмекPDF · файл көлемі: 7,71 МБ

Шетел азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы құқықтары немен реттеледі?

Шетелдіктердің денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мына құжаттардың нормаларымен реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы №320 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық қызмет көрсету тәртібі бөлігінде осы келісімді іске асыру тетігі туралы хаттаманы бекіту туралы» қаулысы. Бұл келісім тек ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының құқықтарын реттейді;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №665 «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Шетел азаматы Қазақстан аумағында медициналық көмек алуға құқылы ма?

Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

Шетелдіктерге көрсетілетін тегін медициналық қызмет көлемі

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 88-бабының 5-тармағы шетел азаматтарына кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алу құқығын көздейді, бірақ бұл құқық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес айналадағыларға қауіп төндіретін жедел аурулар кезінде ғана қолданылады.

• дифтерия• қызылша• қызамық• көкжөтел• скарлатина• желшешек• эпидемиялық паротит• А, В, С паратифтері• полиомиелит• жедел респираторлық вирустық инфекциялар• тұмау• менингококк инфекциясы• тырысқақ• іш сүзегі• туберкулез• сібір жарасының өкпелік түрі• оба• геморрагиялық вирустық қызбалар• А және Е вирустық гепатиттері• безгек• жедел ішек инфекциялары тобы

Шетел азаматына көрсетілетін медициналық көмектің түрлері

2000 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісім заңды күшіне енді. Онда осы мемлекеттер азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы құқықтары бекітілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді.

Аталған нормативтік құқықтық актілер медициналық көмекті екі түрге бөледі: жедел және шұғыл көмек, сондай-ақ жоспарлы медициналық көмек.

Жедел және шұғыл медициналық көмек

Жедел және шұғыл медициналық көмек — пациенттің өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін дене немесе психикалық денсаулықтың жедел бұзылуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.

Қазақстан аумағында уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын шетелдік кенеттен болған жедел жағдайлар мен өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел әрі шұғыл медициналық көмекті кедергісіз, тегін және толық көлемде алуға құқылы.

Бұл көмек медициналық сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан кез келген емдеу-профилактикалық мекемесінде көрсетіледі. Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына төнген қауіп жойылған сәттен бастап, кейінгі медициналық көмек үшін ерікті медициналық сақтандыру немесе ақылы қызметтер шеңберінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілген қызметтер бойынша өзара есеп айырысу арқылы ақы алынады.

Жоспарлы медициналық көмек

Жоспарлы медициналық көмек — пациенттің өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін дене немесе психикалық денсаулық бұзылыстары кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісімге және көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес, Қазақстан аумағында жүрген шетел азаматтарына жоспарлы медициналық көмек жеке қаражат, сақтандыру компанияларының қаражаты, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың қайырымдылық жарналары мен қайырмалдықтары есебінен шарттық бағалар немесе қолданыстағы прейскуранттар бойынша өзара есеп айырысу арқылы ақылы негізде көрсетіледі.

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Email
Телефоны
Your message here