Негізгі мазмұнға өту

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтары мен міндеттері

Азаматтар мен пациенттердің негізгі құқықтары, балалардың құқықтары және медициналық көмек алу кезіндегі міндеттер.

⚖

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

  1. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
  2. кепілдік берілген көлем шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;
  3. медициналық ұйымды еркін таңдауға, сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға;
  4. кепілдік берілген көлемнен тыс қосымша медициналық қызметтерді өз қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге көздер есебінен алуға;
  5. көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
  6. дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дұрыс тағайындамау немесе қолданбау салдарынан келтірілген зиянды өтетуге;
  7. еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
  8. профилактика, диагностика, емдеу және оңалту туралы дұрыс ақпарат алуға;
  9. дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы ақпарат алуға;
  10. медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға;
  11. мемлекеттік медициналық сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
  12. қайтыс болғаннан кейін тіндер мен ағзаларды донорлыққа алу мәселесі бойынша өз еркін ерікті түрде білдіруге.
❤

Пациенттердің құқықтары

  1. диагностика, емдеу және күтім кезінде лайықты әрі құрметті қарым-қатынасқа;
  2. кемсітусіз, медициналық өлшемшарттар бойынша медициналық көмек алуға;
  3. дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға және ауыстыруға;
  4. аудио және бейнебақылау мен жазба жүргізілетіні туралы хабардар болуға;
  5. отбасы, туыстары, достары және діни бірлестік қызметшілерінің қолдауына;
  6. медициналық технологиялар мүмкіндігі шегінде азапты жеңілдетуге;
  7. денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
  8. құқықтары, міндеттері, қызметтер және ақылы қызметтердің құны туралы ақпарат алуға;
  9. денсаулық жағдайы, диагноз, болжам, емдеу жоспары, қауіптер мен баламалар туралы толық ақпарат алуға;
  10. тағайындалатын дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға.
Маңызды: Медициналық көмек пациенттің ақпараттандырылған ерікті келісімі алынғаннан кейін көрсетіледі. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс адамды тағайындауға құқылы.
★

Балалардың құқықтары

  1. заманауи және тиімді денсаулық сақтау қызметтері мен емдеу құралдарын пайдалануға;
  2. денсаулықты қорғау саласында білім алуға;
  3. кепілдік берілген көлем шеңберінде медициналық тексерулерден өтуге, динамикалық бақылауға, емделуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге;
  4. стационарлық ем кезінде заңнамада көзделген жағдайда күтуші адамның баланың жанында болуына;
  5. стационарлық және қалпына келтіру емі кезінде үздіксіз білім алуға;
  6. балалар стационарларында ойын, демалыс және тәрбие жұмысына қажетті жағдайларға.
✓

Азаматтар мен пациенттердің міндеттері

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға қамқорлық жасау;
  2. заңнамаға сәйкес МӘМС жарналарын төлеу;
  3. медициналық ұйымның режимі мен ішкі тәртіп қағидаларын сақтау;
  4. көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық тексерулерден өту;
  5. медицина қызметкерлерінің нұсқамаларын орындау;
  6. медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік таныту;
  7. диагностика және емдеу үшін қажетті ақпаратты дәрігерге хабарлау және оның нұсқамаларын орындау;
  8. медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарау;
  9. денсаулық жағдайындағы өзгерістер мен айналадағыларға қауіпті аурулар туралы уақтылы хабарлау;
  10. басқа пациенттердің құқықтарын бұзбау.
Нормативтік негізҚазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.
КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Email
Телефоны
Your message here