Негізгі мазмұнға өту
г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 310-67-26

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№23 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс
№23 қалалық емхана

Зертханалық-диагностикалық бөлім

Заманауи зертханалық, сәулелік және функционалдық диагностика жабдықтарының көмегімен пациенттерді кешенді тексеру.

Қожекеева Балауса Нұралімқызы
Қожекеева Балауса НұралімқызыЗертханалық-диагностикалық бөлімнің меңгерушісі

Бөлімнің мүмкіндіктері

Заманауи зертханаБөлім әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарымен: биохимиялық, гематологиялық, иммундық-ферменттік және басқа да анализаторлармен жабдықталған.
Сәулелік және функционалдық диагностикаРентгенологиялық, ультрадыбыстық және функционалдық зерттеулер жүргізіледі.
Кешенді тексерулерБілікті мамандар жүрек-қантамыр, орталық және перифериялық жүйке жүйесін, тыныс алу мүшелерін және басқа да ағзаларды тексереді.
ЭхокардиографияЭхо-КГ жүрек қуыстарының көлемі, қабырғаларының қалыңдығы, жүрек қақпақшаларының құрылысы мен қызметі туралы ақпарат береді және жүректің магистральдық тамырларындағы қан ағымының жылдамдығын анықтайды.
Тамырлардың допплерографиясыТамыр қабырғасының жай-күйін, тамырдағы қан ағымының сипатын және патологияның бар-жоғын анықтайды.
Эндоскопиялық зерттеуАсқазан-ішек жолы шырышты қабығының, соның ішінде өңештің, асқазанның, он екі елі ішек пен тоқ ішектің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
СпирографияСыртқы тыныс алу функциясын зерттеу үшін спирография жүргізіледі.
Рентгенологиялық тексеруБөлім цифрлық флюорографпен, маммографиялық аппаратпен және рентгеноскопиялық зерттеулерге арналған рентген-диагностикалық аппаратпен жабдықталған. Бұл диагностиканы жылдамдатып, оның сапасын арттырады.
Оңалту еміОңалту емін көрсету үшін қажетті заманауи аппаратурамен жабдықталған физиотерапия кабинеті жұмыс істейді.
КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email
Телефоны

+7 (727) 310-67-26

Your message here