Азаматтарды МСАК ұйымына тіркеу
№23 қалалық емханаға тіркелудің талаптары, тәсілдері, мерзімдері және қажетті құжаттар.
№23 емханаға тіркелу шарты
2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес, азамат тұрғылықты жерін 30 күннен астам мерзімге өзгерткен кезде нақты тұратын жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуі болуы тиіс.
Емхана «Тіркелген халық тіркелімі» арқылы Алматы қаласында тіркеуі жоқ азаматты тіркей алмайды. №23 қалалық емханаға тіркелу үшін Алматы қаласында уақытша немесе тұрақты тіркеу болып, нақты тұратын мекенжай емхананың қызмет көрсету аумағына жатуы қажет.
Тіркеудің негізгі қағидаттары
ТМККК және МӘМС шеңберінде көмек алу үшін жеке тұлға ЖСН бойынша бір ғана МСАК ұйымына тіркеледі. Бұрынғы ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам өзі қызмет алған ұйымда тіркелген күйінде қалады.
Тіркелу негіздері
- Тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерді бір айдан астам мерзімге өзгерту немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде көшу.
- Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау.
- 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы тіркеу науқаны.
- Сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ерікті медициналық сақтандыру шарты.
- Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына тіркелуге келіспеу.
- МСАК ұйымының көмек көрсетуден бас тартуы, қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.
- МСАК ұйымына медициналық қызмет көлемінің орналастырылмауы.
- Жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау объектісінің пайда болуы.
- Мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымының жекешелендірілуі.
Қалай тіркелуге болады?
eGov порталы арқылы
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
- «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз.
- Электрондық өтінішті толтырып, жіберіңіз.
- Нәтиже — тіркелу туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту — «Жеке кабинетке» келеді.
Емханаға тікелей жүгіну
Өтініш ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша беріледі. Емхана маманы сұрауды «Тіркелген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізеді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы өтінішті мақұлдайды немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Емханаға тікелей өтініш бере алатын тұлғалар
Шетелдіктер және ерікті медициналық сақтандыру
Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және пана іздеушілер ЕМС шарты, қазақ немесе орыс тіліндегі еркін нысандағы өтініш және жеке басын куәландыратын құжат негізінде кез келген күнтізбелік уақытта тіркеле алады.
Тіркелуді растайтын құжат — медициналық ұйымның тіркеушісі беретін №064/е нысанындағы тіркелу талоны. Тіркелу ЕМС шартының қолданылу мерзіміне рәсімделеді.
Отбасы мүшелерін бір адам олардың жазбаша келісімімен, әр адамның жеке куәлігі және ЕМС шарты арқылы тіркей алады. 18 жасқа толмаған адамды тіркеу үшін оның және заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттары қажет.
Тіркеуден шығару
- тіркелген адамның қайтыс болу фактісі анықталғанда;
- адам тұрақты тұру үшін елден кеткенде;
- ерікті медициналық сақтандыру шарты тоқтағанда.
Шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімге немесе қызметкердің әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым қызмет беруші басшысының атына және/немесе мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Нәтижемен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы, ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада №21642 болып тіркелген.






