Репродуктивті денсаулық апталығы аясында 12 мамыр 2025 жылы ШЖҚ « № 23 қалалық емхана» КМК « САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары жастар арасында: « Бақытты отбасы болудың кілті» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара барысында, қатысушыларға отбасындағы жылылықпы, үйлесімділікті сақтаушының бірі әйел адам болғандықтан, ең әуелі өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күтудің маңызы зор екеніндігін тілге тиек еткен мамандар ананың денсаулығының жақсы болуына қатысты кеңестер берді
Жаңалықтар
Республикалық апталық халықтың ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту мақсатында өткізіледі.
2025 жылдың 12 мамырында «№ 5 қалалық емхана» жанынан құрылған «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Ж.К.Ахметова. Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы - Алматы қалалық мәслихатының депутаты, әкімнің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, төрағаның орынбасары. Құсайынова Дина Тұрғынбайқызы - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Жастар денсаулық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестірушісі, Жастар денсаулық орталықтарының басшылары, МСАК, МЦО акушер-гинекологтары, еріктілердің қатысуымен репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша іс-шарада өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды
Бұл кәсіби мереке Қырым соғысы кезінде (1853-1856 жж.) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі.
Ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін, сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері — медбикелер. Олардың науқастарды күтіп-бағуда, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
Бүгінде, ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК ұжымы емхананың барша мейірбикелерін, салтанатты жиналыста құттықтап, оза шапқан өз ісінің шеберлерін емхана директоры марапаттап, алғысын жеткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ш.Қайырбекова атындағы «Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және «Бастапқы медико-санитариялық көмектің республикалық орталығы» ШЖҚ РМК қолдауымен 2025 жылғы 16–17 сәуір күндері БМСК Республикалық орталығы базасында «Қазақстандағы бастапқы медико-санитариялық көмектің үздік тәжірибелері: жетістіктер мен алынған сабақтар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы БМСК Үздік тәжірибелер орталықтарының басшылары мен жетекші мамандары қатысты.
Аталған кеңестегі панельдік сессияға ШЖҚ «№23 Қалалық емхана» КМК директоры Ашен Сауле Ахатқызы да қатысты.
Сауле Ахатқызы өз сөзінде емханада бастапқы медико-санитариялық көмек пен денсаулық сақтау қызметтері жоғары деңгейде — сапалы, қауіпсіз, кешенді және халыққа қолжетімді түрде көрсетілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, ол денсаулық дегеніміз — тек ауру мен физикалық кемістіктің болмауы емес, бұл – адамның толық физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқаты екенін баса айтты. Жоғары деңгейдегі денсаулыққа қол жеткізу тек медициналық ғана емес, әлеуметтік және психологиялық мәселелерді де шешуді талап етеді, ал бұл денсаулық сақтау саласынан бөлек, қоғамның түрлі әлеуметтік және экономикалық салаларының бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Осыған байланысты емханада ведомствоаралық комиссия құрылған.
Сонымен қатар, Сауле Ахатқызы халық денсаулығының жағдайы тікелей әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты екенін атап өтті. Шын мәнінде, халықтың денсаулық деңгейі — өмір сүру сапасының ең нақты көрсеткіші болып табылады. Денсаулыққа байланысты туындайтын көптеген мәселелер негізінен әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық, техногендік, табиғи және өндірістік факторларға байланысты. Осыны ескере отырып, емхана Үздік тәжірибелер орталығы болуға шешім қабылдады. Қазіргі таңда мекеме ұжымы қол жеткізген нәтижелерге қанағаттанғанын және алдағы уақытта жаңа тәсілдер мен жобаларды енгізу арқылы медико-әлеуметтік және психологиялық көмектің сапасын арттыруға ұмтылатынын жеткізді.
Сөзінің соңында Сауле Ахатқызы БМСК аясындағы командалық тәсіл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге және медициналық ұйым шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді үлгі екенін атап өтті.
Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана «САМҒА» Жастар денсаулық орталығының мамандары ағымдағы жылдың 11 сәуірінде № 41 жалпы білім беретін ошақтың жоғарғы сынып қыз балалары арасында: « Жеке бас тазалығы» тақырыбында, аталған мекеменің қызметкерлерімен бірлесе семинар өткізді. Іс шара барысында, акушер -гинеколог дәрігер қыздар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор екенін айтып өтті
2025 жылдың 21 наурызында Алатау ауданына қарасты №23 қалалық емханасының Үздік тәжірибелер орталығы қалалық медициналық ұйымдарының емделушілерді қолдау және ішкі бақылау бөлімінің басшылары, сарапшы дәрігерлеріне арнап халықпен жұмыс істеудің жаңа әдістемесі бойынша шеберлік сағатын өткізді. Іс шара барысында аталмыш орталықтың сарапшы дәрігері И.С. Ясаков «Ақпараттандыру, қоғамдық мониторинг және кері байланыс механизмі» және емханадағы енгізілген жаңа жобалар туралы ауқымды ақпарат берді, жиын барысында сарапшы дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға сарапшы дәрігер И.С. Ясаков, әлеуметтік – психологиялық көмек және профилактика бөлімінің меңгерушісі С.Ж. Жампозова жауап берді.. Сонымен қатар, қатысушыларды: «Біз достасатын орын» , «Тыныштық бөлмесі», «Сырласу бөлмесі», «Симуляциялық орталық» бөлмелерінің жұмысымен таныстырды. Алматы қаласының № 1,5,7,10,11,13,14,16,21,22,24,29 емханалары және № 1 клиникалық аурухана, № 1 инфекциялық аурухана, № 4 перзентхана, «Алғамед», «Асмед», «Open Medical Chanel» медициналық орталықтарының сарапшы мамандары белсене қатысты, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, емхана қызметкерлеріне толағай табыстар тіледі

Тарихта Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны "Наурызнама" деп атаған.
Наурызнама онкүндігі елімізде жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтеді, осы ретте Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана қызметкерлері «Көрісу күні – Амал мерекесін» ерекше атап өтті, бүгінгі күні медицина саласының ардагерлерінің үйіне барып, профилатикалық тексеріс жүргізіп, мерекемен құттықтап қайтты