Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
Аурулардың алдын алу, ерте анықтау, психологиялық және әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтері.
Жампозова Салтанат Жансеркеевна
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі
Бөлім кабинеттері мен мамандары
Профилактика, психологиялық және әлеуметтік көмек бағыттары
«САМҒА» жастар денсаулық орталығы
Жастарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек
Кабинеттердің негізгі бағыттары
Профилактика мен қолдаудың негізгі қызметтері
Скрининг кабинеті
Белгілі бір жастағы дені сау адамдарға қауіп факторлары мен ауруларды ерте анықтау, емдеу тиімділігін арттыру және асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізіледі.
Әйелдер қарап-тексеру кабинеті
Негізгі міндеті — әйелдерді профилактикалық тексеру арқылы бірқатар ауруларды, соның ішінде онкологиялық патологияларды ерте анықтау.
Ерлердің ұзақ өмір сүру кабинеті
Өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру, қуықасты безі және ішек обырын ерте анықтау, мүгедектік пен өлім-жітімді азайту, ерлер денсаулығы мен отбасы саулығын сақтау.
Отбасын жоспарлау кабинеті
- Жүктілікті жоспарлау және заманауи контрацепция әдістері бойынша кеңес беру.
- Контрацепциялық құралдармен қамтамасыз ету.
- Қалаусыз жүктіліктің алдын алу және жүктілікті саналы жоспарлау.
- Жүктілік пен босану аралығын 2–3 жыл сақтау.
- Отбасындағы бала санын және бала туатын уақытты жоспарлау.
Психолог кабинеті
Психодиагностика, психологиялық консультация, психологиялық тренингтер, психокоррекция және мультидисциплинарлық топпен бірлескен әлеуметтік-психологиялық патронаж.
Жеке әңгімелесу кабинеті
Пациенттің эмоциялық жағдайын жақсартып, ішкі және психикалық қиындықтарды шешуге көмектеседі. Психолог адамның ішкі ресурстарын табуға және мінез-құлық стереотиптерін түсінуге жәрдемдеседі.
Тыныштық бөлмесі
Тыныш орта психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге, жүктемені жеңуге, стресс пен мазасыздықты азайтуға көмектеседі.
Әлеуметтік қызметкер кабинеті
- Қиын өмірлік жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету.
- Әлеуметтік сала субъектілерімен бірлесіп медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.
- Дәрігерлер, мейіргерлер және психологтармен тығыз жұмыс істеу.
Салауатты өмір салты кабинеті
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу — емхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Кабинет қажетті дәрістік және көрнекі материалдармен жабдықталған.
Денсаулық мектептері
Артериялық гипертензия, қант диабеті, бронх демікпесі, жас ана, климакс, мінез-құлық қауіп факторлары, қарт адамдар, дұрыс тамақтану, босануға дайындық және ерлердің ұзақ өмір сүру мектептері жұмыс істейді.
Баланы дамыту кабинеті
Балаларды дамыту, тәрбиелеу және денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік орталық.
- Отбасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Ата-аналарды ерте жастағы балаларды тәрбиелеуге үйрету.
- Аурулар мен даму ауытқуларының алдын алу.
- Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету.
- Балаларды мектепке дейінгі ұйымға және мектепке дайындау.
- Баланың дамуын, бойы мен салмағын бақылау.
Профилактикалық тексерулер, ерте диагностика, психологиялық және әлеуметтік қолдау арқылы тұрғындардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.






