Бүгін, 1- наурыз Алғыс айту күнін № 23 қалалық емхана қызметкерлері мен тұрғындар айрықша атап өтті. Достық қарым-қатынасты нығайту, адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы жарына, жолдасына, баласына алғыс айту - айтулы мерекенің басты мақсаты мен миссиясы. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді асыл қасиеттер бойымызға дарыған елміз, ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Сол себебті, бүгінгі іс- шара барысында емхана іші ерекше безендіріліп, а дегеннен тұрғындар емхана қызметкерлеріне, қызметкерлер ұжымдастарына арнайы қойылған «Алғыс» жәшігіне алғыстарын жазып, қалдыра бастады. Осылайша, бүгінгі күн басқа күннен ерекше өтті