ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің «№23 қалалық емханасы» шаруашылық пайдалану құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың басталуы туралы
Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің «№23 қалалық емханасы» шаруашылық пайдалану құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – №23 қалалық емханасы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, №23 қалалық емханасында 2025 жылдың 10 қарашасынан 20 желтоқсанына дейін келесі бағыттар бойынша ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жоспарланып отырғанын хабарлайды:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды анықтауды қоса алғанда, персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4) бюджеттік және қаржылық қаражатты игерумен және бөлумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
5) жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
6) ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа мәселелерді жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы ақпарат, сондай-ақ талданатын саланы жақсарту бойынша ұсыныстар немесе талданатын субъектінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер болса, ақпаратты WhatsApp +7 707 195 0077 нөміріне жіберіңіз немесе 2025 жылдың 20 қарашасына дейін №23 қалалық емхананың сәйкестік жөніндегі қызметкері Е.Ж.Батырғалиевке хабарласыңыз.
Алынған ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылады. Құпиялылық пен жасырындық кепілдендірілген.






