Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қараймыз.
Қазақтың ұлттық киімі әдемілігімен ерекшеленеді. Халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігі, қайталанбас өрнегі тамсандырады, бұл біздің асыл мұрамыз. Осындай ерекше ұлттық киімімізді дәріптей отырып, № 23 қалалық емхананың қызметкерлері де бүгін белсенді ат салысып, ұлтық киімдерін киіп, қазақша нақышта жасалған шашбау, шекелік, білезік сияқты элеметтерін қоса тағып, қабылдау жүргізіп, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады
Новости
15 наурыз -Қайырымдылық күні. Мейірімділік пен жанашырлық кезеңі. Наурыз мерекесі аясында өтетін бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Атаулы күні № 23 қалалалық емхана қызметкерлері де қалыс қалмай «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты акциясын қолдай отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды, көп балалы отбасыларды аралап, профилактикалық тексеріс жүргізіп, көпшіліктің алғысына бөленіп қайтты
Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған « Иә! Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз» атты лозунгпен өтетін айлық аясында, ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап бірқатар іс шаралар өткізіп келеді. Осындай ауқымды іс-шараның бірін, тұрғындар арасында фтизиатр дәрігердің қатысуымен ашық есік күнін, яғни 2025 жылдың 28 ақпанында өткізді. Аталмыш іс шара барысында, фтизиатр дәрігер тұрғындарға, туберкулез ел арасында құрт ауруы деген атаумен таралган инфекциялық індет, дертті туберкулез микобактериялары туындататынын, адамның барлық мүшелерін, көбінесе өкпені зақымдайтыны туралы толық ақпарат бере отырып, ауру белгілерін, күресу жолдарын және асқынуын болдырмауға байланысты әрекеттер жасау керек екенін айтып өтті
Наурызнама онкүндігі елімізде жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтеді, осы ретте Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана қызметкерлері «Көрісу күні – Амал мерекесін» ерекше атап өтті, бүгінгі күні медицина саласының ардагерлерінің үйіне барып, профилатикалық тексеріс жүргізіп, мерекемен құттықтап қайтты
Бүгін, 1- наурыз Алғыс айту күнін № 23 қалалық емхана қызметкерлері мен тұрғындар айрықша атап өтті. Достық қарым-қатынасты нығайту, адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы жарына, жолдасына, баласына алғыс айту - айтулы мерекенің басты мақсаты мен миссиясы. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді асыл қасиеттер бойымызға дарыған елміз, ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Сол себебті, бүгінгі іс- шара барысында емхана іші ерекше безендіріліп, а дегеннен тұрғындар емхана қызметкерлеріне, қызметкерлер ұжымдастарына арнайы қойылған «Алғыс» жәшігіне алғыстарын жазып, қалдыра бастады. Осылайша, бүгінгі күн басқа күннен ерекше өтті
Бүгін, 1- наурыз Алғыс айту күнін № 23 қалалық емхана қызметкерлері мен тұрғындар айрықша атап өтті. Достық қарым-қатынасты нығайту, адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы жарына, жолдасына, баласына алғыс айту - айтулы мерекенің басты мақсаты мен миссиясы. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді асыл қасиеттер бойымызға дарыған елміз, ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек. Сол себебті, бүгінгі іс- шара барысында емхана іші ерекше безендіріліп, а дегеннен тұрғындар емхана қызметкерлеріне, қызметкерлер ұжымдастарына арнайы қойылған «Алғыс» жәшігіне алғыстарын жазып, қалдыра бастады. Осылайша, бүгінгі күн басқа күннен ерекше өтті
Ағымдағы жылдың 29- шы қаңтарында Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана директоры Сауле Ахатқызы Ашен 2024 жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Қорытынды есеп беру жиналысына аталмыш емхананың қызметкерлерімен қатар Алатау ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Б.Е; Алматы қаласы «AMANAT» партиясының Алатау аудандық филиалының төрағасы Алдамбергенова Ж.А; емхана жанынан құрылған «Халық кеңесі» мүшелері: Ұлжан-1 ықшам ауданының Ақсақалдар кеңесі төрайымы Шәкиева Б.М, Алматы қаласы Денсаулық басқармасының дәрі-дәрмек бөлімінің жетекшісі Базарбаева Г.Ө; Алатау ауданы Медицина ұйымдарының бас дәрігері Садыкова А.М; Алатау ауданына қарасты емханаларының директорлары Нусипов Т.К, Есиркепова С.Н; КАЗҰМУ кафедра қызметкерлері Зауренбекова Т.И, Найманова С.М қатысты. Садыкова А.М директордың есебінен кейін сөз алып, есеп аясында сұрақтар қойып, сөз соңында, емхана басшылығына және қызметкерлерге атқарған жұмыстарына ризашылығын айтып, алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. Алдамбергенова Ж.А сөз алып, емхана ұжымының атқарып жатқан шаруалары аз емес екенін тілге тиек етіп, басталған жұмыс біреу болғанымен, ырысы ортақ екенін айтып, қызметкерлерге халық денсаулығын сақтауда артылған үлкен жауапкершілік жолында толағай табыстар тіледі, Шәкиева Б.М емхана басшылығымен қызметкерлерінің халық денсаулығын қорғау жолында атқарып жатқан жұмыстары орасан зор екенін айтып, тұрғындар атынан алғысын білдірді. Жиынға қатысушылар бір ауыздан № 23 қалалық емхананың 2024 жылға берілген есебін қабылдап, жоғарғы деңгейде бағасын берді
23 октября 2024 года состоялась торжественная церемония присвоения статуса Центра лучших практик по городу Алматы КГП на ПХВ «Городская поликлиника № 23»
Мероприятие прошло с участием Национальной ассоциации «Primary Health Care», представителей Министерства здравоохранения Республики Казахстан, Всемирной организации здравоохранения, Акимата города Алматы, делегаций из стран СНГ (Узбекистана, Кыргызстана, Таджикистана, Туркменистана, России), а также сотрудников центров лучших практик по Казахстану, Управления здравоохранения города Алматы и Акимата Алатауского района.
Данное событие является важным шагом в укреплении системы первичной медико-санитарной помощи и обмене лучшими практиками между странами СНГ и Казахстаном, что поспособствует улучшению качества медицинских услуг для населения.
Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық еханасының «САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары № 166 мектеп-лицей ұжымымен бірлесе21 қазан 2024 жылы «Қыз балалардың жеке бас гигиенасы», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында 8-11 сынып қыз балалары арасында семинар өткізді. Іс-шара барысында, мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұзақ әрі сау өмір сүру үшін алғашқы қадам өзінен бастау алатынын тілге тиек етіп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігін арттыруға шақырды
В ГП23 09 августа 2024 года на собрании коллектива, комплаенс службой было проведено разъяснения по УК.РК. статей 366, 367, 368 и санкционные меры указанных статей. Так же, коллективу ГП23 были разъяснены и ознакомлены принципы стратегии Концепции по противодействию коррупции в Республике Казахстан на 2022-2026 года.

+7 (727) 310-67-26





