Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қараймыз.
Қазақтың ұлттық киімі әдемілігімен ерекшеленеді. Халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігі, қайталанбас өрнегі тамсандырады, бұл біздің асыл мұрамыз. Осындай ерекше ұлттық киімімізді дәріптей отырып, № 23 қалалық емхананың қызметкерлері де бүгін белсенді ат салысып, ұлтық киімдерін киіп, қазақша нақышта жасалған шашбау, шекелік, білезік сияқты элеметтерін қоса тағып, қабылдау жүргізіп, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады