Ағымдағы жылдың 29- шы қаңтарында Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық емхана директоры Сауле Ахатқызы Ашен 2024 жылдың жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Қорытынды есеп беру жиналысына аталмыш емхананың қызметкерлерімен қатар Алатау ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Б.Е; Алматы қаласы «AMANAT» партиясының Алатау аудандық филиалының төрағасы Алдамбергенова Ж.А; емхана жанынан құрылған «Халық кеңесі» мүшелері: Ұлжан-1 ықшам ауданының Ақсақалдар кеңесі төрайымы Шәкиева Б.М, Алматы қаласы Денсаулық басқармасының дәрі-дәрмек бөлімінің жетекшісі Базарбаева Г.Ө; Алатау ауданы Медицина ұйымдарының бас дәрігері Садыкова А.М; Алатау ауданына қарасты емханаларының директорлары Нусипов Т.К, Есиркепова С.Н; КАЗҰМУ кафедра қызметкерлері Зауренбекова Т.И, Найманова С.М қатысты. Садыкова А.М директордың есебінен кейін сөз алып, есеп аясында сұрақтар қойып, сөз соңында, емхана басшылығына және қызметкерлерге атқарған жұмыстарына ризашылығын айтып, алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. Алдамбергенова Ж.А сөз алып, емхана ұжымының атқарып жатқан шаруалары аз емес екенін тілге тиек етіп, басталған жұмыс біреу болғанымен, ырысы ортақ екенін айтып, қызметкерлерге халық денсаулығын сақтауда артылған үлкен жауапкершілік жолында толағай табыстар тіледі, Шәкиева Б.М емхана басшылығымен қызметкерлерінің халық денсаулығын қорғау жолында атқарып жатқан жұмыстары орасан зор екенін айтып, тұрғындар атынан алғысын білдірді. Жиынға қатысушылар бір ауыздан № 23 қалалық емхананың 2024 жылға берілген есебін қабылдап, жоғарғы деңгейде бағасын берді