г. Алматы, мкр. Улжан 1 , ул. К.Жалайыри, 34. Call-центр: +7 (727) 338-67-20 , +7 (727) 338-67-64
КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23" Управления общественного здравоохранения города Алматы
Официальный интернет-ресурс

Здоровый образ жизни

 Саламатты өмір салты және денсаулық

 Әлем бойынша мезгілсіз өлімнің басты себебі – созылмалы аурулар. Олардың ішінде басты орындарда онкологиялық және жүрек-қантамыр аурулары, өкпенің созылмалы обструктивті сырқаты, қант диабеті, инсульт тұр.

 Аурулардың дамуының негізгі себебі – саламатты өмір салтын ұстанбау. Демек, өмір салтын түзету арқылы ауыр сырқаттардың алдын алуға болады, өйткені олардың 80%-ы адамның тамақтану салтымен, дене белсенділігімен, зиянды  әдеттерімен байланысты.

 Сізді ойландыруға тиісті фактілер: 

  • Әлемдегі адамдардың шамамен 30 пайызы семіздікке шалдыққан.
  • Егер адамдар белсендірек болса, жылына шамамен 5 миллион өлімнің алдын алуға болар еді. Дене белсенділігінен бас тарту – тура темекі шегу сияқты өлімге әкелетін фактор.
  • Саламатты өмір салтын ұстанбайтын адамдарда инсульт қаупі 66%-ға жоғары.
  • Бір ғана саламатты әдет адамның өмірін екі жылға ұзарта алады.

Енді саламатты өмір қағидалары туралы сөз қозғайық.

Саламатты тамақтану

Дұрыс тамақтану дегеніміз, ең алдымен, көптеген ауруларға соқтыратын  семіздіктің алдын алу.

Жемістер, көкөністер, бүтін дәндер, арық ет және майы аз сүт өнімдерінің теңдестірілген емдәмі кез келген жаста маңызды. Дұрыс тамақтануды қалай ұйымдастыруға болатынын білу үшін диетолог маманмен кеңескеніңіз жөн. 

Қалыпты салмақ

Дене массасының индексі 18,5-тен 24,9-ға дейін болса, бұл қалыпты дене салмағы. Тіпті сәл ғана салмақ тастаудың өзі семіздікке байланысты аурулардың алдын алуға сеп.

Толыққанды ұйқы

Ұйқысы бұзылған адамдарда денсаулыққа байланысты мәселелердің пайда болу қаупі жоғары. 7-8 сағат ұйықтау – жақсы денсаулыққа қарай жасалған бір қадам.

Дене белсенділігі

Тұрақты жаттығулар түрлі сырқаттардың алдын алуға ғана емес, кейбір  жұқпалы емес ауруларды емдеуге де көмектеседі. Түк жасамағаннан гөрі жеңіл-желпі болса да дене белсенділігімен айналысқан дұрыс.

Стресті бақылау

Стресс деңгейінің жоғарылауы аурулармен күресуді қиындататыны дәлелденді, ал ұзаққа созылған стресс жүйкені жұқартады. Тамақтану, дене белсенділігі және жеке гигиена сияқты жүйке жүйесі байыпты қатынасты қажет етеді.

Темекіден бас тарту

Темекі шегу – созылмалы обструктивті өкпе ауруларының, өкпенің қатерлі ісігінің негізгі себебі, инфаркт пен инсульттің қауіп факторы. Темекіні  тастау және қауіп факторларын азайтуға әрекет жасау ешқашан кеш емес.

Денсаулыққа қамқорлық  

Созылмалы аурулардың алдын алу немесе оларды ерте кезеңде анықтау үшін дәрігерге шағымдар пайда болған кезде ғана емес, профилактикалық мақсатта да бару керек. Профилактикалық тексеруден өту үшін себептер, шағымдар немесе белгілер қажет емес. Тек тұрғылықты жеріңіздегі емханаға хабарласу жеткілікті. Еліміздегі емханаларда белгілі бір жас топтарына үнемі скринингтік тексерулер жүргізіліп отырады. Бұл туралы өзіңіздің учаскелік емдеуші дәрігеріңізге хабарласып, біле аласыз. 

Өз денсаулығыңызға өзіңіз ғана жауапты екеніңізді естен шығармаңыз.

КГП на ПХВ "Городская поликлиника №23"
Адрес
г. Алматы, Алатауский район, мкр - н Улжан 1 , ул. Кыдыргали Жалайыри, 34
Email