16 қаңтар 2023 жылы Алматы қаласы  ҚДБ ШЖҚ «№23 қалалық емхана» КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында емхана қызметкерлері арасында жиналыс өткізді. Күн тәртібіне сай аталмыш емхананың комплаенс – офицері А. Ахметұлы сөз сөйлейді. Өз сөзінде баяндаушы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жолдары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге жасалған соңғы өзгертулер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың белгілері байқалған жағдайда, қайда қалай хабарласуға қажет екендігі туралы да ақпараттар айтылды. Қатысушылар арасынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойылды. Бас дәрігер мен комплаенс – офицер тарапынан сұрақтарға жауаптар айтылды.