№ 23 қалалық емханасы Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының мамандарының қатысуымен семинар өткізді
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясында және халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің, деструктивті діни ағым идеологиясы таралуының алдын алу мақсатында, 2022 жылдың 24 қарашасында № 23 қалалық емханасы Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының мамандарының қатысуымен жоғарыда айтылған тақырыпта семинар өткізді. Іс-шара барысында аталған ұйым өкілдері қоғамның радикалдануына әсер ететін, ұлттық қауіпсіздік пен зайырлы мемлекеттің конституциялық негіздеріне нұқсан келтіретін деструктивті діни ағымдар идеологиясының және діни экстремизмнің таралуын алдын алу жайында кең ауқымда мағлұмат берді.