Республика күні мерекесіне орай № 23 Қалалық емханасында салтанатты жиналыс өтті
2022 жылдың қыркүйегінде мемлекеттегі басты мерекелерге қатысты Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңына өзгерістер енгізілді. Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. Республика күні басты және жалғыз ұлттық мереке екені жарияланды. Ол тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам — «ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны»қабылдау құрметіне құрылған. Осыған орай, бүгін Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емханасында салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара барысында, аталмыш емхананың бас дәрігері Сауле Ахатқызы Ашен жиынның тақырыбына сай баяндама оқып, Отандық медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін қызметкерлерге төс белгілер мен марапаттар табыс етті.