Емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым — балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шара өтті
Бүгін, №23 қалалык емханада, емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым — балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шара өтті. Іс- шараға қызметкерлер танымал мульт-сериалдар кейіпкерлерінің киімдерін киіп арнайы дайындалып, балалардың қатысуымен «Менің Отаным» , «Бақытты балалық шақ» атты сурет көрмесін ұйымдастырды , аталмыш емхананың мейірбикесі-аквагрим шебері Шолпан Жақсылық балалардың бетіне сүрет салып қуантты, сонымен қоса, балалардың ән, би жарысы өтті, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, емхананың бас дәрігері Ашен Сәуле Ахатқызы, профилактика және психо-әлеуметтік көмек беру бөлім меңгерушісі Жампозова Салтанат Жансеркеевна, «Аманат 23» бастауыш партия ұйымының төрайымы Берікбаева Гүлмира Сағатбековна бастаған топ мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып құттықтап, тәтті себет сыйға тартты және № 23қалалық емхананың Кәсіподақ ұйымы атынан аталмыш ұйымның көп балалы — 14 қызметкеріне, 4- мүмкіндігі шектеулі баларға «Магнум» сауда орнына ақшалай сертификаттар табыс етілді.