ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға байланысты емхана қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта жиын өтті

0
301
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға байланысты емхана қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта жиын өтті

24.03.2022 ж Алматы қаласы Алатау Ауданы № 23 Қалалық емханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»  атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға байланысты онлайн форматта аталмыш емхана қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінің басты мәселесі бойынша, № 23 Қалалық емханасының бас дәрігері  Сауле Ашен сөз бастап, баяндама жасады. Спикер өз баяндамасында Жолдаудың барлық бөлімдеріне жіті тоқтала отырып, Президентіміз айтып өткен барлық бастамаларын қолдайтынын және орындалуына ат салысатынын жеткізді.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға байланысты емхана қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта жиын өтті

Жиын барысында қатысушылардың  қойған барлық сұрақтарына, спикер тарапынан толық жауаптар қайтарылды.

Отырысты қорытындылай келе, іс-шараға қатысқан № 23 қалалық емхана қызметкерлері  бір ауыздан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»  атты Қазақстан халқына Жолдауын  қолдады және бұл жөнінде өз пікірлерін айтты.