Бұл кәсіби мереке Қырым соғысы кезінде (1853-1856 жж.) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі.
Ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін, сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері — медбикелер. Олардың науқастарды күтіп-бағуда, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
Бүгінде, ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК ұжымы емхананың барша мейірбикелерін, салтанатты жиналыста құттықтап, оза шапқан өз ісінің шеберлерін емхана директоры марапаттап, алғысын жеткізді.