2024 жылы 23 қазанда Алматы қаласындағы «No23 қалалық емханаға» «Үздік тәжірибе орталығы» мәртебесін беру салтанатты рәсімі өтті

0
12

Іс-шара «Primary Health Care» «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің, ТМД елдерінен (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей) келген делегациялардың қатысуымен сондай-ақ, Қазақстандағы озық тәжірибе орталықтарының, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының және Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Бұл іс-шара ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайту және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін озық тәжірибе алмасудағы маңызды қадам болып табылады.