Ағымдағы жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде
Ағымдағы жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Бұл науқанның басты мақсаты — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау. Осы бастаманы ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК ұжымыда қолдап, емхана ауласына тазарту, гүл егу жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың міндеті деп білеміз!