Іс шара

0
107

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емхананың «САМҒА» Жастар Денсаулық орталығының мамандары Алматы қаласы психикалық орталығының нарколог маманы С.К Кенесбекова, Ұлжан ықшам  ауданының ақсақалдар алқасы төрайымымен бірлесе 2024 жылдың 06 ақпанында № 152 мектеп-гимназиясының қыз балалары арасында  «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында бірлескен семинар өткізіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында, нашақорлық пен шылым шегудің ағзаға келтіретін зияны туралы видеоролик көрсетіліп дәріс оқылды. Семинардың тақырыбына сай оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды, мамандар қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, үн-парақшалар таратты

 

№23 қалалық емхана