Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған айлық аясында, ағымдағы жылдың  24 ақпанынан бастап бірқатар іс шаралар өткізіп келеді.

0
192

Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған айлық аясында, ағымдағы жылдың  24 ақпанынан бастап бірқатар іс шаралар өткізіп келеді. Осындай ауқымды іс- шараның бірін, тұрғындар арасында  фтизиатр дәрігердің қатысуымен ашық есік күнін  бүгін, яғни 2024 жылдың  28 ақпанында өткізді. Аталмыш іс шара барысында, фтизиатр дәрігер тұрғындарға , туберкулез- ел арасында құрт ауруы деген атаумен таралған инфекциялық індет, дертті туберкулез микобактериялары туындататынын, адамның барлық мүшелерін, көбінесе өкпені зақымдайтыны туралы толық ақпарат бере отырып, ауру белгілерін,  күресу жолдарын және асқынуын болдырмауға  байланысты әрекеттер жасау керек екенін айтып өтті

№23 қалалық емхана