Алматы қаласы ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана»КМК ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

Кіріспе:

Медицина қызметкерлерінің этикалық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында басшылыққа алуға нұсқау берілген этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Осы Кодекс медицина қызметкері, қоғам және пациент арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, тұлғаның және тұтас қоғамның құқығын, абыройын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған және де медицина қызметкерінің қоғам алдында өз қызметі үшін жоғары моральды жауапкершілікті анықтайды.
Медицина қызметкері ретінде осы Кодексте жоғары және (немесе) орта арнайы медициналық білімі бар мамандар болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығы – басты, негізгі құндылықтар. Медицина қызметкерінің қызметі адам өне бастаған кезінен оның денсаулығын сақтауға бағытталған және одан адамға деген адамгершілік қасиетті, оның тұлғасына құрметпен, тілектестікпен, ниеттестікпен, мейірбандылықпен, қайырымдылықпен, төзімділікпен, өзара сенімділікпен, тәртіптілікпен және әділеттілікпен қарауды талап етеді.

Бұл Кодекс адамның перинаталдық және постнаталдық өмірі мен денсаулығын, оның тууын және өлімін қамтитын, кәсіби қызметінің саласы, медициналық қызметкерлердің кәсіптік қызметінде қолданылуға арналған.

1 бөлік

Миссиясы:

Біз, азаматттардың әлеуметтік жауапкершілігі мен ниеттілігін сезініп, өз миссиямызды сапалы, қауіпті көмек көрсетуде көреміз.

Мақсаты:

Қауіпсіз босану, өмірдің саламатты баслауы, тек қана тірі туған беле емес, сондай-ақ дені сау бала туғаны, перинаталдық кезеңде тәуекел факторларын басқаруды білу және олардың қауіптілігін болдыртпауға тырысу болып табылады.

Ұйымның құндылық жүйесі

  • Пациент – назарда
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік
  • Ұжымдылық
  • Айқындық
  • Кәсіптілік

Пациент – назарда – жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында әрбір жеке алынған пациенттің қажеттіліктерін бағалау. Пациенттің абыройы мен тұлғасын құрметтеу.

Пациенттің қауіпсіздігі – сапалы перинаталдық көмек көрсетудің маңызды компоненті. Оның мақсаты емдеу уақытында пациентке зиянкестік істеуді максималды азайту. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек сапасын анықтайды.
Жауапкершілік – жарияланған принциптерді және жоғары стандарттарды қолдаушылық, пациенттермен қарым-қатынаста, және ұжымда жоғары деңгейлі сенімділікті және тәртіптілікті көрсету.
Ұжымдастық – үнемі өзін-өзі саралау және ынтымақтастық, және де жауапкершілік пен жұмыс көлемі теңдестігі негізінде сенім жүйесін құру.
Айқындық – жеке және ұжымдық әрекеттерде әділеттілік және тәртіптілік принциптерін ұстану.
Кәсіптілік – өзін үнемі дамыту мен үйрену негізінде барлық үздік білімдерін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін пациент және ұжым игілігі үшін жоғары нәтижелерге жетуге бағытталу.

2 бөлік

Қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және орталық қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам орталық қызметшісі өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Өз қызметінде «№ 23 қалалық емхана» ШЖҚ КММ медициналық қызметкері азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқығы бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасын, дәрігер антын, адамгершілік және қайырымдылық принциптерін қолданысқа алады.

Ұйым мамандары өз қызметінде міндетті:

  • Қолдағы ресурстар шегінде өз біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулықтарына және қызметтік міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз едициналық көмекті қамтамасыз етуге жауапкершілікті, сондай-ақ моральдік жауапкершілікті артады.
  • Кез келген адамға жыныстан, жастан, нәсілден және ұлттық қатарына жататындығына, тұратын орнына, оның әлеуметтік статусына, діни және саяси пікірлеріне, сондай-ақ басқа да медициналық емес факторларына қарамастан, кез келген адамға медициналық көмек көрсету болып табылады.
  • Өзінің кәсіби білімдері мен біліктерін, эрудициясын тұрақты түрде жетілдіру.
  • Медициналық қоғамдастық қатарының таза болуын сақтау, өз ұжымдастары және өздерінің қателерін риясыз талдау.
  • Абыройсыз және біліктілігісіз, сондай-ақ пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі кәсіпті емес ұжымдастарының практикасына кедергі болу.
  • Өз әрекеттерімен «№ 23 қалалық емхананың» беделін нығайтып, оның мүдделерін қорғау, емхана қызметкерлерінің беделін түсіру әрекеттерін болдыртпау.
  • Пациенттердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлер бірлігі мен ұлтаралық келісімды нығайтуға қолдау көрсету
  • Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтап, өз қызметтік міндеттерін адал, риясыз және сапалы орындау, бұл үшін өз бос уақытын тиімді қолдану.
  • Барлық күш-жігерді жоғары кәсіби жұмысы үшін салып, қойылған міндеттерге қол жеткізуге оңтайлы және үнемдеу шешім тәсілдерін қолдану, сенімге берілген мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау.
  • Іске деген өз қарым-қатынасы мен жеке тәртібімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдік-психологиялық ахуалды құруға әсер ету.
  • Қызметтік міндеттерді орындауда киім үлгісінде іскерлік стильді ұстану.
  • Қоғамдағы медициналық қызметкердің рөлін есепке ала отырып, ол қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы керек, әсіресе, саламатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларға.
  • Медициналық қызметкермен қателік жібергенде немесе оның әрекеттері нәтижесінде ойланбаған қиындықтар болған жағдайда, ол науқасты, аға ұжымдасын немесе бөлімше басшысын, олардың болмаған жағдайында жұмыс істейтін мекеме әкімшілігін, хабардар етуге міндетті, және де тез арада, шұғыл өз әрекеттерін нұсқаулықтарды күтпей, жағымсыз салдарын түзетуге бағыттау керек. Қажеттілігі бойынша басқа да мамандарды тартып, қатесі немесе болған қиндықтары жайлы адал ақпараттандыруы керек.
  • Жіберген қателерін нақты түрде талдап, оларды ұжымдастары мен басшыларымен басқа да дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде болдыртпау үшін толық талқылауға міндетті.
  • Медициналық қызметкер өз лауазымдық міндеттерін орындауда сау болып, құмартушылықты тартатын кез келген заттардың әсерінде болмауы керек.
  • Басқа да қызметкерлер жағынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін жібермеу және болдытпау керек.
  • Қызметтік ақпаратты пайда күнемдік мақсаттарында қолдануды болдыртпау.
  • Медициналық қызметкер пациентті дәлелсіз тәуекелге ұшырату, және де өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсатта қолдануға болмайды.
  • Шұғыл көмек жағдайларынан басқа, науқастың жағдайын қиындатпайтын шаралар қолдануға міндетті кезінде, дәрігер пациент пен оның арасындағы қажетті өзара сенім болмағанда , егер өзін қажетті білікті деп санамаса, немесе емдеу шараларын өткізу үшін мүмкіндіктері жеткіліксіз болса, науқасты емдеуден бас тарта алады. Осындай және ұқсас жағдайларда дәрігер бұл туралы сәйкесті денсаулық сақтау органын хабардар етіп, науқасқа білікті маманды ұсынуы мүмкін.
  • Дәрігер пациенттің дәрігерді таңдау құқығын құрметтеп, емдеу-алдын алу шараларын өткізуге шешімдерін қабылдауды құрметту керек. Емдеуге пациенттің еркін келісімі әдеттегідей науқаспен жеке әңгімелескенде алады. Бұл келісім ойластырылған болуы керек, науқас міндетті түрде емдеу әдістері жайлы, оларды қолданудың салдары жайлы, жеке айтқанда, мүмкіндік зияндары туралы, емделудің басқа да балама әдістері жайлы хабардар болуы керек. Пациенттің келісімісіз емдеу-диагностикалау іс-шараларын өткізу тек қана пациенттің өмірі мен денсаулығына зиянды жағдайларда және де оның жағдайды тәнік бағалауы болып табылады. Аталған жағдайларда шешімдерді ұжыммен қабылдағаны жөн.
  • Психологиялық аурулары бар тұлғаларды емдегенде дәрігер Қазақстан Республикасының Заңын қолдануға міндетті.
  • Баланы емдегенде дәрігер толық ақпаратты оның ата-аналарына, қамқоршыларына беруі тиіс, емдеудің не бұл әдісін немесе дәрі-дәрмек құралдарын қолдану алдында олардың келісімін алуы керек.
  • Өтініштерді қарастырғанда бюрократизм немесе кешіктірушілікті болдыртпай, олар бойынша орнатылған мерзімде шешімдер қабылдау қажет.
  • өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, оған шыдамдылықпен қарау

Медициналық қызметкердің жіберілмейтін әрекеттері
Медициналық қызметкер құқылы емес:

  • өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
  • жеткіліксіз негіздерсіз медициналық шараларды қолдануға немесе орындамауға
  • пациентті жазалау мақсатында, және де үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық әсер ету тәсілдерін қолдануға;
  • пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын ұстануға мәжбүрлеуге;
  • пациентке әдейі, ұқыпсыз немесе әрекетсіз дене, адамгершілік немесе материалдық шығындарды, сондай-ақ аталған зияндарды келтіретін үшінші тұлғалар әрекеттері салдарын болдыртпау керек.
  • медицина қызметкерінің жеке ұғымдары және басқа да кәсібилікке жатпайтын дәлелдері диагностика мен емдеуге әсерін тигізуге;
  • пациенттің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы оған Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, мемлекетік кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясында көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігінің төмендеу, түрлері және көлемінің азаю себебі болмауы тиіс;
  • науқастардан көрсеткен қызметі үшін сыйлық және пациентке сыйлық беру өте орынсыз, себебі сыйлық бермеген және алмаған пациенттерге аз қамқорлық көрсетілетіндей әсер қалдыру мүмкін. Сыйлықтар көрсетілген қызметтері үшін беріліп, қабылданбау тиіс. Ақша күйіндегі және бағалы сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады;
  • медицина қызметкері дәрілік заттарды шығарушы фирмалардың және таратушылардың ұсынылған дәрілерін тағайындағаны үшін ынталандыру сыйлықтарын, медициналық ұйым аумағында компания логотипі немесе сауда атауы бар дәрілік препараттың, медициналық өнім құралдарын қолдануға;
  • медицина қызметкері өз қызмет бабын, пациенттің эмиоциональды жағдайын пайдаланып, онымен жеке меншік келісімдерін жасауға, оның еңбегін жеке мақсатында қолдануға, және де оны бопсалауға және пара алуға;
  • медицина қызметкері емдеу курсын тағайындау кезінде пациентке пайдаланылған дәрілік препараттар, медициналық өнімдер туралы дәйексіз, толық емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруге, соның ішінде пациентке арзан бағалы дәрілік препараттардың, медицналық өнімдердің барлығы туралы ақпаратты жасыруға.

Кәсіби тәуелсіздік

  • Медицина қызметкерінің құқығы мен парызы – өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау.
  • Медицина қызметкері жаңа туылған және егде адамдарға, әскерилерге және азамматық тұлғаларға, жоғарғы рангтегі басшыларға және қамауға алынған тұлғаларға медициналық көмек көрсете отырып, кәсіби шешімі үшін өзіне барлық жауапкершілікті жүктейді, сондықтан әкімшілік, пациент және басқа тұлғалар тарапынан кез-келген қысым көрсету әрекеттерін қайтаруға тиіс.
  • Медицина қызметкері кез-келген жеке немесе заңды тұлғамен олардың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамаларына, этикалық ережлерге, қызметкердің кәсіби міндетіне қарсы келетін ынтымақтастықтан бас тартуы керек.
  • Медицина қызметкері сараптамаларға, консилиумдарға, комиссияларға, кеңестерге және т.б. қатыса отырып, өз көзқарасын анық және айқын жариялауы, ұстанымы, қысым көрсетілген жағдайда заңды немесе қоғамдық қорғауға жүгінуі тиіс.

 

Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы өзара қарым-қатынас
Пациенттің ар-намысы мен абыройын құрметтеуі тиіс.

Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен құндылығын құрметтеуге тиіс, оған және туыстарына ілтипатты және шыдамды қарым-қатынас жасауы тиіс.

Пациентке деген дөрекі және адамгершілікке жатпайтын әрекет жасау, оның абыройын таптау, және де кез-келген үстемдің көрінісі немесе пациенттердің бірін артық көру немесе жақтырмау медицина қызметкері тарапынан жіберуге жатпайтын іс-қимылдар.

Туысқандары мен жақын адамдарының науқас жағдайына мазасыздануын түсіністікпен қабылдауға, дегенмен осы кезде жеткілікті сәсіби себептерсіз пациенттің және отбасы мүшелерінің жеке жұмыстарына араласпауы тиіс.

Медицина қызметкері медициналық көмекті пациенттің еркіндігі мен абыройына титтей де қысымсыз көрсетуі тиіс.

Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделер қақтығыс туу кезінде медицина қызметкері пациент мүддесін, оның жүзеге асырылуы пациенттің өзіне немесе айналысына тікелей зардап шектірмеген жағдайда, артық көруі тиіс.

Пациент медицина қызметкерінің барлық медициналық және оған сенілген жеке ақпаратты құпия сақтайтындығы сенуге құқылы. Медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз, зерттеу және емдеу кезінде, медициналық жүгіну дерегін қоса алғандағы мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ.

Медицина қызметкері медициналық құпияның жариялауына кедергі болатын шараларды қолдануы тиіс. Пациент өлімі медициналық құпияны сақтау міндетінен босатпайды. Медициналық құпияны жариялау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.

Пациент өз денсаулық жағдайы туралы жан-жақты ақпарат алуға құқылы, бірақ ақпарат алудан бас тартуына немесе денсаулық жағдайын хабарлауға болатын тұлғаны белгілеуіне болады.

Ақпаратты жасыруға салмақты негіз бар деп табылса, бірақ пациенттің дегенінен қайтпайтын талаптарын орындау үшін, дәрігер оған жан-жақты ақпарат беруге міндетті. Болжам науқас үшін жағымсыз деп табылса, оны сыпайы және сақтықпен, өмірін жалғастыруға үміт қалдырып, хабарландыру керек. Пациенттің өз келісімін саналы түрде білдіруге мүмкіндеге болмаса, оны пациентті үнемі бағып-қағушы заңды өкілі білдіруі тиіс.

Дәрігерлік құпия

1. Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс.
2. Құпия науқастың медициналық көмекке жүгіну дерегіне және емделу процесінде алынған барлық мәліметтерге (диагноз, емдеу тәсілдері, болжам және т.б.) таратылады.

3. Пациент туралы медициналық анықтама мына жағдайларда жариялануы мүмкін:

  • пациенттің анық айтылған өз келісімімен;
  • тергеу, прокуратура және сот органдарының негізделген талаптарымен;
  • құпияның сақталуы маңызды түрде пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне (қауіпті инфекциялы аурулар) қауіп төндіргенде;
  • ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылып, емдеуге басқа мамандарды тарту жағдайында;
  • Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауы тиіс.
  • Медициналық ақпараттарды алуға рұқсатқа ие тұлғалар пациент туралы алынған барлық мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
  • Ғылыми зерттеулер, студенттерді үйрету және дәрігерлерді қайта даярлау кезінде дәрігерлік құпиясы сақталу тиіс.Науқасты туралы ақпаратты жаиялау тек оның рұқсатымен жүзеге асырылады.

Медцина қызметкерлері арасындағы өзара қарыс-қатынас

Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас сыйластықтан, сенімділіктен және пациент мүддесін қорғаудан құрылуы тиіс.

Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, тілектес, тәртіпті болуға тиіс, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, және де оларға риясыз өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын болуы керек.

Басқа медициналық қызметкерлері алдында моральдік басшылық ету құқығы кәсіби құзыреттілік пен жоғары адамгершілік деңгейлі болуы қажет.

Әріптесіне айтылған сын дәйектеоген және оған тіл тигібейтіндей қылып айтылуы керек. Сынға әріптес тұлғасы емес, кәсіби әрекеттері жатады. Әріптестерінің абыройын түсіру арқылы өз беделін арттыруға және олардың жұмысы туралы пациенттер мен туыстары қатысып отырған кезде жағымсыз пікірлер айтуға құқығы жоқ.

Медицина қызметкері өмір бойы өзін емдеу өнеріне үйреткендерге құрметін және алғыс сезімін сақтауға міндетті.

Медицина қызметкері өз әріптестерінің өзіне қалай қарым-қатынас жасағанын қаласа, оларға сондай қарым-қатынас жасауға МІНДЕТТІ.

Медицина қызметкері басқа дәрігердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтіруге немесе басқа да тәсілдермен беделін түсіруге құқығы жоқ.

Ауыр клиникалық жағдайларда дәрігерлер әріптестеріне әдепті түрде кеңестері мен көмектерін көрсетуге міндетті. Емдеу процесі үшін, ұсыныстарды ескеру немесе одан бас тартуға мүмкіндігімен, науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, тек ем беруші дәрігер жауапты. Дәрігер басқа әріптестерінің науқастарының оған ауысуына жағдай жасамауы тиіс.

 

Өлім жағдайындағы пациентті моральды қолдау

Медицина қызметкері өлім жағдайындағы адамның азабын барлық қол жетерлік және жарияланған тәсілдермен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациенттің қалауы бойынша кез-келген діни конфессия қызметшісінің рухани қоодауын пайдалану құқығын кепілдендіруге міндетті.

Осы Кодекс барлық медицина қызметкерлеріне міндетті.

Кәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі этикалық комитетімен анықталады.

Көздер:

  • Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 05 шілдедегі Азаматтық Кодексі
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі.
  • «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жылғы 06 ақпандағы қаулысы.
  • «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидалары).
  • Халықаралық дәрігерлер этикасының кодексі, Хельсински.