Ақпарат

0
33

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 30 қараша 2023 жылы Алатау ауданына қарасты ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК қызметкерлері ҚазҰМУ мамандарымен бірлесе, Желтоқсан қаһармандарына арнап ашық есік күнін өткізді. Іс-шара барысында пациенттерді жалпы тәжірибедегі дәрігер мен қоса онколог, гинеколог мамандары қарап, қандағы холестерин, қант мөлшерін, көздің қысымын анықтауға бағытталған зерттеулер,  ЭКГ және ФГ тексерістерін жүргізді. Сондай-ақ, психолог және әлеуметтік қызметкерлердің кеңесі берілді