Сақтансаң сақтайды

0
277

ЖИТС жайлы көп естиміз. Бірақ оған көбіміз мән бере бермейміз. «Сақтансаң сақтайды» демекші, ғасыр індеті атанған дерт жайлы білгеніміз – ұрпағымызды сақтағанымыз. Осы мақсатта, 27 қараша 2023 жылы Алатау ауданына қарасты № 23 қалалық еханасының «САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары және № 41 мектеп ұжымы бірлесе, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, аталған білім ошағының жоғарғы сынып ұлдары арасында семинар өткізді. Іс шара барысында, мамандар статистикаға көз жүгіртіп, иммун тапшылығы вирусы жайында сөз етті. Сондай-ақ, ұлдардың гигиенасына, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған әңгіме өрбітіп, жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұзақ әрі сау өмір сүру үшін алғашқы қадам өзінен бастау алатынын тілге тиек ете отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігін арттыруға шақырды

 

№23 қалалық емхана