Қазіргі таңда Қазақстанда пилоттық жүйе ретінде енгізіліп жатқан Қоғамдық ақпараттандыру мониторинг механизмі және тұрғындармен кері байланыс бағдарламасы

0
152

Қазіргі таңда Қазақстанда пилоттық жүйе ретінде енгізіліп жатқан Қоғамдық ақпараттандыру мониторинг механизмі және тұрғындармен кері байланыс бағдарламасы аясында Алатау ауданында орналасқан № 23 қалалық емханада жалпы тіркелген тұрғындар тарапынан  топ мүшелігіне үш тұрғын енгізілген болатын.  Аталмыш топтың бірлесе қабылдаған шешімімен, әр тоқсан сайын кездесіп, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап алып, адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатында сапалы, қол жетімді медициналық көмекті дер кезінде алу сияқты мәселелерді көтеріп талқылап отырады. Бүгінде, кездесудің басты мәселесіне сәйкес №23 ҚЕ-ның директоры Ашен С.А. аталмыш емханада 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, сондай-ақ, МӘМС-ға кеңінен тоқталып, мемлекет тарапынан сақтандырылған азаматтардың медициналық көмек алуы  туралы ауқымды ақпарат айта кетті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, балалардың алдын-ала екпені уақытында алуы, тұрғындардың ФГ тексерістен жылына бір рет өтуі, жасына байланысты скринингтің тексерістен өтуі, сондай-ақ емханада құрылған Денсаулық мектептерінің жұмысы және тұрғындар үшін маңыздылығы   талқыланды

№23 қалалық емхана