Ақпарат

0
174

12.09.2023 ж Алматы қаласы Алатау Ауданы № 23 Қалалық емханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға байланысты Алматы қаласы маслихат депутаты Джантелеев Д.Т, «AMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Ж.А. Алдамбергенова, Алатау ауданының медицина ұйымдарының және № 29 калалық емхана директоры А.М.Садықова және Алатау ауданының медицина ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінің басты мәселесі бойынша, № 23 Қалалық емханасының директоры Сауле Ашен сөз бастап, баяндама жасады, өз баяндамасында Жолдаудың барлық бөлімдеріне жіті тоқтала отырып, Президентіміз айтып өткен барлық бастамаларын қолдайтынын және орындалуына ат салысатынын жеткізді. Жолдаудағы өзекті бастамалар бойынша Алматы қаласы маслихат депутаты Джантелеев Д.Т, «AMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Ж. Алдамбергенова, Алатау ауданының медицина ұйымдарының және № 29 калалық емхана директоры А.М.Садықова да өз пікірлерін айтып, қатысушылардың  қойған барлық сұрақтарына толық жауап берді.  Отырысты қорытындылай келе, іс-шараға қатысқан қызметкерлер  бір ауыздан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»  атты Қазақстан халқына Жолдауын  қолдады және бұл жөнінде өз пікірлерін айтты



№23 қалалық емхана