Ақпарат

0
174

Балаға тәрбие беру- ең алдымен ата-ананың мойнына түсетін ерен еңбек, себебі бала өзінің айтарлықтай көп уақытын отбасында өткізеді. Бала үшін ұстаз бен тәрбиеші- тек ата-анасы. Ата-ананың шүбәсіз махаббаты мен қамқорлығының қосындысы ғана балаға сенімділік берері анық. Жыныстық тәрбие беруде де ата-ана маңызды рөл атқарады. Баламен жыныстық қатынас туралы сөйлесудің қажеттілігі мен маңыздылығы өте зор. Осы айтылғандарды назарға ала отырып,  Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емхананың «САМҒА» Жастар Денсаулық орталығының мамандары 2023 жылдың 28 наурыз айында  А.Қарсақбаев атындағы  № 41жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, оның ішінде қыз балаларға «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас гигиенасы, cалауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болудың маңызын, жеке бас гигиенасын сақтаудың денсаулыққа деген пайдасын терең түсіндіріп, семинардың тақырыбына сай оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді. Аталмыш іс-шараның соңынан қатысушылармен «Теңізге саяхат» атты релаксациялық ойын ойнатылды. Ұйымдастырылған іс-шара оқушылар көңілінен шығып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді




№23 қалалық емхана