Мамандардың қабылдауына қалай жазылуға болады

0
156

Емханада ұзын-сонар кезекке тұрмастан дәрігердің қабылдауына онлайн немесе телефон арқылы жазылуға болады. Бұл электронды қызмет түрінің енгізілгеніне бірнеше жыл болғанына қарамастан, әліге дейін оның жолын білмейтіндер көп. Осы орайда дәрігерге онлайн жазылу тәсілдерін түсіндіруді жөн көрдік.

Дәрігер қабылдауына жазылу үшін ең алдымен Damumed сайтында мәліметтеріңізді толтырып тіркелу керек. Телефон нөміріңізге келген кодты енгізіп, электронды поштаңызды жазасыз. Одан кейін өзіңіз құрған логин мен құпиясөзді енгізіп сайтқа кіресіз.

  • Бас бетте “Қабылдауға жазылу” деген бөлімге кіріп, жазу түрін таңдайсыз;
  • Күнді, уақытты таңдап, емханаға келу себебін жазасыз. Үйде отырып дәрігерге қараламын десеңіз “онлайн консультация” белгісін белгілеп, “жазылу” батырмасын басасыз;
  • Жеке кабинетте “Хабарландыру” бөліміне дәрігерге жазылғаныңыз жөнінде хабарлама келеді.

Жазбалар бөліміне кіріп “Әрекеттер” батырмасында талонды басып шығаруға, QR-кодты көрсетуге және “болдырмау себебін” көрсетіп, жазылудан бас тартуға болады.

Damumed қосымшасы

Ең алдымен қосымшаға тіркелесіз. Damumed сайтында тіркелсеңіз логин мен құпия сөзді енгізіңіз.

  • Бас бетте “Қабылдауға жазылу” бөліміне кіріп, кімге жазылатыныңызды таңдайсыз. Сіздің және дәрігердің мәліметтері экранға шығады;
  • Күн мен уақытты таңдап, дәрігерге қаралу себебін жазасыз. Мұнда да “Онлайн консультация” белгісін таңдауға болады;
  • Жазылу батырмасын басқан соң экранда қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама пайда болады;
  • Қосымшаның төменгі жағындағы “Басқа” айдарында “Хабарламалар” бөліміне жазба құрылғаны жөнінде хат келеді;
  • “Жазбалар” айдарына кіріп талонды қарауға, QR-кодты көрсетуге және “болдырмау себебін” көрсетіп, жазылудан бас тартуға болады.
№23 қалалық емхана