«САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары семинар өткізді

0
106
«САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары семинар өткізді

Алматы қаласы № 23 Қалалық емханасының «САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары 2021 жылдың қыркүйек, қазан айларында Алатау ауданының бірқатар жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында , атап айтсақ № 41,14,114,152,151,150 : «Қыздар гигиенасы », «Жасөспірімдер ағзасындағы болатын өзгерістер», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Электронды темекінің ағзаға зияны» атты семинарлар өткізді.

«САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары семинар өткізді

Іс- шара барысында, мамандар оқушыларға тақырыптарға сай жалпы ақпарат бере отырып, салауатты өмір салтын ұстанудың, дұрыс тамақтанудың маңызы зор екенін баса айтты. Сондай ақ, денсаулықтарына зиян келтіретін жат әдеттерден аулақ болуға шақырды.