«Босанғаннан кейінгі сәби күтімі» іс-шарасы өтті

0
253
«Босанғаннан кейінгі сәби күтімі» іс-шарасы өтті

Әрбір отбасы үшін нәрестенің дүниеге келуі  – үлкен бақыт. Ата-ана болуға саналы қадам жасап, әр адам жай ғана балалы адам емес, шынымен ата-ана ретінде өзін  қабылдағанда , өсе келе балалардың да қарым-қатынасы мен мінез-құлқы жағымды жағына өзгере береді.  Балаға кішкентай кезінде көңіл бөле біліңіз, себебі бұл мәңгілік емес, балалар өсіп кетеді, дәл қазір бала Сіздің көмегіңізге, ыстық ықыласыңызға зәру. Жүктіліктің қиындықтары мен қолайсыздықтары тез ұмытылады. Осы тұрғыда, № 23 Қалалық емхананың «Жас аналар мектебі» мамандары жүкті әйелдер арасында аптаның әр сәрсенбісінде семинар, тренингтер жүргізіп отырады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы да ерекше: «Босанғаннан кейінгі сәби күтімі» деп аталады. Іс- шара барысында мамандар:

  • Ана мен баланың өздерін жақсы сезінуін қамтамасыз ету
  • Ерте және сәтті емізуді қалыптастыруға көмектесу
  • Анасының өзіне деген сенімділік сезмін нығайту
  • Босану стационарынан шығарылғаннан кейін жанұяны жоспарлау мен бала күтімі сұрақтары туралы кеңес берді.

«Босанғаннан кейінгі сәби күтімі» іс-шарасы өтті

Сабақ барысын қорытындылай келе, мамандар,  босағаннан кейін әйел адам медициналық бақылауда болатынын, жүктілік кезінде одан кейін де денсаулығына, өмір сүру және еңбек ету тәртібіне, тамақтануына ерекше мән беру,  дені  сау ана- жарқын болашақтантың кепілі екендігін жіті түсіндірді.

№23 қалалық емхана