1- маусым- балаларды күніне арналған ауқымды іс-шара өтті

0
18

Бүгін, №23 қалалык емханада, емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым- балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шара өтті. Іс- шараға қызметкерлер танымал мульт-сериалдар кейіпкерлерінің киімдерін киіп, балалардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» атты сурет көрмесін ұйымдастырды , қоршаған ортаға, жануарларға қамқорлықты балалардың бойына сіңіру мақсатында, үй қояндарын көрсетіп, ертегілер әлеміндегідей сезім сыйлап, балаларды ерекше қуантты, сонымен қоса, балалардың ән, би жарысы өтті, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, емхана қызметкерлерінен құралған мультидисциплинарлы топ мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып профилактикалық тексеру жүргізіп, құттықтап қайтты

Городская поликлиника №23