Ақпарат

0
38

16 желтоқсан — қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.

Мереке қарсаңында, бүгін № 23 қалалық емхана әкімшілігі және  «Сенім» кәсіподақ төрайымы аталмыш емхананың «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қызметкерлерін және Отандық медицинаның дамуына, халқымыздың денсаулығын сақтау жолында айрықша еңбек етіп жүрген қызметкерлерді  құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Егемен еліміздің ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күні құтты болсын! Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын- демекпіз!