Cыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында емхана қызметкерлері арасында жиналыс өтті

0
44

08.04.2024 жылы Алматы қаласы  ҚДБ ШЖҚ «№23 қалалық емхана» КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбында емхана қызметкерлері арасында жиналыс өткізді. Күн тәртібіне сай аталмыш емхананың комплаенс – офицері Е.Батыргалиев сөз сөйлеп, жиналыстың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет қалыптастыру, жұмыс бабында пара алмау және пара бермеу, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бап, 367-бап, 368-бап, және жала жабу130 баптары екенін айта отырып, «Адал көмек» жобасын қызметкерлерге  түсіндіріп және заңды көмек көрсету туралы ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлықтың белгілері байқалған жағдайда, қайда қалай хабарласуға қажет екендігі туралы да ақпараттар айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді

№23 қалалық емхана