Ақпарат

0
179

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында № 23 қалалық емханасы бір қатар игі шараларды өткізіп келеді, соның бірі бүгін Алатау ауданына қарасты № 152 мектеп- гимназиясында жалғасын тапты.  Аталмыш емхананның «САМҒА» жастар денсаулық орталығының мамандары гимназия ұжымымен бірлесе, жоғарғы сынып қыз балалары арасында «Жеке бас гигиенасы», «Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау» тақырыптарында семинар өткізді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұзақ әрі сау өмір сүру үшін алғашқы қадам өзінен бастау алатынын тілге тиек етіп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, дене белсенділігін арттыруға шақырды

№23 қалалық емхана