Ақпарат
![](https://gp23.kz/wp-content/uploads/2023/07/1-1-905x576.jpg)
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емханасы 2023 жылдың 04 шілдесінде туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жөнінде аталмыш емхананың қызметкерлері арасында Алатау ауданы СЭББ мамандарының, фтизиатр дәрігерлердің, № 23 Қалалық емхананың аумағына қарасты білім беру ошақтарының мейірбикелері және бала-бақша меңгерушілерінің қатысуымен «Туберкулездің алдын алу» атты жиналыс өткізді. Іс шара барысында, фтизиатр мамандар , туберкулез дерті туралы толық ақпарат бере отырып, ауру белгілері, таралу, дертпен күресу жолдары және асқынулары жайында кең ауқымда мағлұмат берді. Сондай-ақ балалар арасындағы туберкулез дертінің алдын алуға жіті тоқталып, уақытылы алынған екпелердің маңыздылығын талқылады