Ақпарат

0
83

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы Астана күні аясында тұрғындарға арнап ашық есік күнін өткізді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, емхана қызметкерлері алдын ала профилактикалық тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын тұрғындарға кең насихаттап келеді. Бүгінде сол үрдістің жалғасы ретінде, кардиолог, эндокринолог мамандардың қатысуымен өткен іс-шара барысында, профилактика бөлімінің қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанудың қағидалары туралы тұрғындарға түсіндіре отырып, үн-парақшалар таратты