Көктемде иммунитетті қалай көтеруге болады

0
121

 Көктемде иммунитетті көтермес бұрын, ең алдымен, оның неге түсетінін анықтауымыз керек. Қыста түн ұзарып, күннің қысқа болатыны белгілі. Соған қарай адамда қимыл-қозғалыс белсендігі азаяды. Ондай кезде адам ағзасындағы қан айналымы төмендейді. Осындай қалыпта жүргенде, аяқасты қыстың суығынан көктемнің жылылығына өткенді организм көтере алмайды. Соның салдарынан адамда ұйқысыздық, әлсіздік, шаршау, терінің құрғауы мен тырнақтың сынғыштығы секілді белгілері пайда болады. Міне, осы кезде иммунитетті көтеру керек.
Ал ол үшін, ең алдымен, дұрыс тамақтану керек. Күнделікті рацион ет пен балық тағамдары, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектерден  тұруы тиіс. Халықтың басым көпшілігінде дәрумен жетіспей жатады. Мысалы, Д дәрумені жетіспесе адам бойында ұйқышылдық пен әлсіздік пайда болады. Сондықтан әркім өзіне қажетті витаминдерді ішіп, спортпен айналысуы тиіс. Дәрумендерді ғана ішіп, дұрыс тамақтанбау не болмаса құнарлы тамақтана отырып, денешынықтырумен айналыспай қоюға тағы болмайды. Әрбір жан  өз денсаулығымен толыққанды айналысуы тиіс. Сонда ғана оның иммундық жүйесін нығайып, саулығы арта түседі, – дейді ол.
Баланың иммунитетін көтеру үшін не істеу керек?
Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады.

  • Екпелерді уақытында салдырыңыз

Баланың екпелерін қадағалап отыру үшін, педиатрға тұрақты барып отырыңыз. Вакцинация көптеген ауруларға қарсы иммунитеттің қалыптасуына көмектеседі.

Стандартты екпелерден бөлек, жылына бір рет тұмауға қарсы вакцинация жасауға болады (дәрігер кеңесімен).

  • Баланың жеткілікті ұйықтайтынына мән беріңіз

Балалар тәуілігіне 12-13 сағаттан ұйықтауы керек. Дұрыс ұйқы — сау иммунитет жүйесінің кепілі.

Егер баланың ұйқысында қандай да бір мәселе болса, педиатр көмегіне жүгініп, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз. 

Жүктілік кезінде өніммен иммунитетті қалай арттыруға болады?

Жақсы денсаулықтың негізі дұрыс тамақтану болып табылады. Әйелдің оны ұстануды бастауы өте маңызды. Иммунитетке арналған ерекше артықшылықтар аскорбин қышқылының көп мөлшері бар барлық көкөністер мен жемістерден келеді, бұл организмнің жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады.

Ет және сүт өнімдері ұрық үшін құрылыс материалы ғана емес, сондай-ақ аналық ағзаға оң әсер етеді.

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?

Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктерді тудырады. Сондықтан, алкогольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян болған нәрсе сәби үшін де зиян болып табылады.

Егер жүктілік кезінде салмағыңызда айтарлықтай өзгерістер байқалса, арнайы дәрігерлермен кеңескеніңіз дұрыс болады. Жерік болған тағамыңызды, кей жағдайларда жеміс-жидектеріңізді уақытылы тауып, жеуге асығыңыз. Жеріктік іштегі ұрыққа қажетті азықты анықтайды. Сол себептен де аяғы ауыр әйелге оның жақын адамдары қалағанын тауып беруді үлкен жауапкершілік санайды. Әйелге жетпей тұрған дәрумендер мен минералды заттар жатырдағы ұрыққа да жетіспей тұрады.

Бір әйел күн сайын 2100 ккал қуат көзін қажет етсе, өз кезегінде, жүкті әйел 2500 ккал қуат көзін қажет етеді. Ал бала емізетін шақта 3000 ккал қуат көзіне дейін қажет етеді.

Жүктілік кезінде қандай тамақ жеген дұрыс?

Әр түрлі құнарлы азық түрлерінен құралған тағамдардың пайдасы зор. Ондай тағамдардың қатарына сүт өнімдері, ет, балық еті, жеміс-жидектер, көкөністер, майлы тағамдар, жұмыртқа мен бидай (арпа) өнімдері жатады. Құнарлы азықтың түр-түрінен күн сайын жеген абзал. Ағзаға қажетті майлар, көмірсулар мен ақуызды осы тағамдардан алуға болады.

Күн сайын үш рет көп мөлшерде тамақтанғаннан гөрі бес-алты рет жеңіл тамақтанудың пайдасы мол. Ас қорыту жеңілдейді.

Іште ұрық біткен кезден бастап әйел адам ағзасының ақуызға деген сұранысы артады. Ол шашамен он пайыздық мөлшерді құрайды. Ақуызға бай азықтар: ет, балық ет, жұмыртқа, сүт өнімдері. Сондай-ақ, бұршақ пен бұршақ өнімдері де ақуызға бай келеді.

Жүкті әйелдің ағзасындағы майларға деген сұранысы 35%-ға артады екен. Майды сүт өнімдерінен, түрліше майлардан, маргариннен және жаңғақтардан алуға болады.

Жүкті әйелдің ағзасындағы көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артады. Көмірсулар бидай өнімдерінде, нанда, макарондарда, картопта және күріште молынан болады.

Деніңіз сау болсын!

№23 қалалық емхана