Ақпарат

0
105

Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 23 Қалалық емханасы туберкулез дертінің алдын алуға бағытталған айлық аясында, ағымдағы жылдың  24 ақпанынан бастап бірқатар іс шаралар өткізіп келеді.Осындай ауқымды іс- шараның бірін, тұрғындар арасында  фтизиатр дәрігердің қатысуымен ашық есік күнін  бүгін, яғни 2023 жылдың  20 наурызында өткізді. Аталмыш іс шара барысында, фтизиатр дәрігер тұрғындарға , туберкулез- ел арасында құрт ауруы деген атаумен таралған инфекциялық індет, дертті туберкулез микобактериялары туындататынын, адамның барлық мүшелерін, көбінесе өкпені зақымдайтыны туралы толық ақпарат бере отырып, ауру белгілерін,  күресу жолдарын және асқынуын болдырмауға  байланысты әрекеттер жасау керек екенін айтып өтті.