Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті
![Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті](https://gp23.kz/wp-content/uploads/2022/12/16-желтоксан-фото-1-905x613.jpeg)
14 желтоқсан 2022 жылы ШЖҚ « № 23 қалалық емхана» МКК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті.
Атаулы іс-шараның бастамасында емхананың бас дәрігері Сауле Ахатқызы Ашен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына тоқталып, қатысушыларға қолымыздағы барымыз- Тәуелсіздігіміз- баға жетпес байлық екенін айтып өтті. Сондай-ақ, медицина саласына үлес қосып келе жатқан емхананың бір қатар қызметкерлерін төс белгілер және алғыс хаттармен марапаттады.