№ 23 Қалалық емхана ұжымы «Балалар жылына» орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды

0
61
№ 23 Қалалық емхана ұжымы «Балалар жылына» орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды

Жуырда еліміздің барлық  білім ошақтарында алғашқы  қоңырау соғылып,  білімге құлшынған бүлдіршіндерге  мектептер есігін айқара ашады.1 қыркүйек- бүлдіршіндер үшін жанында жатталып қалатын ең маңызды мереке. Білім ордасының баспалдағын тұңғыш басатын балғындардың  ата-аналарында қуаныш пен толқыныс, қобалжуда бар. Осы орайда, Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емхана ұжымы  «Балалар жылына»  орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды.  Іс-шара барысында, аталмыш мекеменің басшысы Сауле Ашен және кәсіподақ төрайымы Рауза Бекешева  балалары  биыл бірінші сыныпқа баратын қызметкерлерді құттықтап, бүлдіршіндерге арналған сый-сыяпат тапсырды.

№ 23 Қалалық емхана ұжымы «Балалар жылына» орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды