«№ 23 Қалалық емхана» КМК онлайн форматта «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты жиын өткізді

0
24
«№ 23 Қалалық емхана» КМК онлайн форматта «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты жиын өткізді

24.03.2022 жылы ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана»  КМК онлайн форматта  «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты  жиын өтті. Аталмыш жиынға № 23 Қалалық емхананың қызметкерлері қатысты.

ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана»  КМК  бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Д.Дуйсебаева  күн тәртібінің  мәселесі бойынша   баяндама жасады, өз сөзінде Д.Дуйсебаева,   жемқорлық мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіріп, мемлекеттің дамуына кедергі келтіреді,  рухани байлығымызды арттыру  арқылы  ғана  осы індеттен құтыла аламыз деді.

«№ 23 Қалалық емхана» КМК онлайн форматта «Медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты жиын өткізді

Жиынға қатысушылар   өз пікірлерін  ортаға салды.

Айтылған мәселелерді талқылай келе, ҚДБ ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана»  КМК  бас дәрігері Ашен Сәуле Ахатқызы қатысушылардың назарына төмендегідей ұсыныс айтты:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын күшейту, бұл тұрғыда: заңмен бекітілген тегін берілетін мемлекеттік көмек үшін қызмет алушыдан  ақы алуға мүлдем жол бермеу
  2. Тұрғындардан мемлекеттік қызмет алу барысында түскен арыз- шағымдарды уақытылы қарап, жауап беру
  3. Мемлекеттік қызмет ұсыну саласында қандайда бір заң бұзушылық фактілері байқалса, оны дер кезінде жоюға әрекеттену қажет және сол фактілер бойынша жоғарыда айтылған телефон номерлеріне қоңырау шалу