Ақпарат

0
179
«Фасфуд несімен қауіпті»

Семіздік (толықтық, толысу, семіру) – организімнің май қорында денсаулыққа зиян әкелетін майдың ауытқулы артық жиналуы салдарынан май тіндерінің гиперторфиясы арқылы салмақтың ұлғаюымен сипатталатын, заттек алмасуының терең бұзылыстарымен байланысты созылмалы ауру. Семіздік кез келген жаста пайда болады, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында семіздіктің таралуының ұлғаюы аса алаңдатады. Осы орайда, балалар арасында дұрыс тамақтануды кеңінен насихаттап, семіздіктің, аз қимыл-қозғалыстың алдын алу мақсатында,07.10.2022 жылы  № 23 Қалалық емханасының «САМҒА» Жастар денсаулық орталығының мамандары  Алатау ауданында орналасқан № 152 мектеп-гимназиясының медицина қызметкерлерімен бірлесе 7 сыныптар арасында «Фасфуд несімен қауіпті», «Салауатты дастархан» атты семинар- тренинг өткізді. Іс-шара барысында балаларға Фасфуд өнімдерінің ағзаға зияндылығын, аз қозғалыстың салдары көптеген сырқаттар түріне алып келетіндігі жіті түсіндіріліп, денсаулық пирамидасын көрнекілік құрал ретінде пайдалана отырып  балалармен сұхбат жүргізіліп, ойын –жаттығулары көрсетілді,  анкеталық сұрақтар берілді. Қорытындылай келе, мамандар оқушыларға өзінің денсаулығын нығайтуға және сақтауға жауапкершілікпен қарауды айтып, семинар тақырыбына сай үн парақшалар таратты.

«Фасфуд несімен қауіпті»

«Фасфуд несімен қауіпті»

«Фасфуд несімен қауіпті»

Городская поликлиника №23