Ақпарат

0
166
Ақпарат

Күйзеліс, жабығу көбінесе мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені,  көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады және оны үлкен қаладағы өмір ырғағының жоғарылығымен түсіндіреді.

Мегаполис тұрғындары  үлкен  қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, басқаша айтқанда екеуінің дәмін тең татып күнелтуге мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын етіп, қол еңбегін жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу, радио, теледидардан керекті-керексіз ақпараттар алу, негізінен батыстық менталитетті бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру, өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, депрессияға ұшыратады. Биік-биік ғимараттар да жүйкесі әлсіз адамның мысын басуы мүмкін.

Ақпарат
Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Осы айтылғандарды ескере отырып,  № 23 Қалалық емхананың психолог мамандары  қызметкерлер арасында  ұдайы : «Күйзеліске жол жоқ! » атты  тренингтер өткізіп тұрады. Іс шара барысында, қатысушыларға анкета ұсынылады және Депрессияның алдын алу туралы ауқымды ақпарат пен қоса жаттығулар көрсетіледі.