Ақпарат

0
152
Конституция күні - бүкіл еліміз үшін айтулы күндердің бірі.

Конституция күні — бүкіл еліміз үшін айтулы күндердің бірі.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің бүгінгі құрылымы шынайы бейнелеген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық — деп бастады баяндамасын № 23 Қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөнінен орынбасары Г.Ақылбаева. Ата Заң – азаттығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, Егеменді ел екенімізді танытатын, дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады. Ата Заң – Бабалар аманаты. Кешегі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституциямыз. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы- деп өз сөзін жалғастыра келе, спикер жиынға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

Конституция күні - бүкіл еліміз үшін айтулы күндердің бірі.