№ 23 Қалалық емхана ұжымы «Балалар жылына» орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды
Жуырда еліміздің барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылып, білімге құлшынған бүлдіршіндерге мектептер есігін айқара ашады.1 қыркүйек- бүлдіршіндер үшін жанында жатталып қалатын ең маңызды мереке. Білім ордасының баспалдағын тұңғыш басатын балғындардың ата-аналарында қуаныш пен толқыныс, қобалжуда бар. Осы орайда, Алатау ауданына қарасты № 23 Қалалық емхана ұжымы «Балалар жылына» орайластырып «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында, аталмыш мекеменің басшысы Сауле Ашен және кәсіподақ төрайымы Рауза Бекешева балалары биыл бірінші сыныпқа баратын қызметкерлерді құттықтап, бүлдіршіндерге арналған сый-сыяпат тапсырды.